«ҰССО» АҚ Алматы филиалында 2022 жылғы 21 қарашада әлемдегі өлшеу жабдықтарын өндіруші ірі компанияның бірі «RADWAG» зауытының мамандарымен кездесу өтті. Кездесу барысында зауыт өкілдерімен: автоматтандырылған, қолмен өлшейтін және роботтандырылған таразылар мен массалық компораторларға, өзге де жабдықтарға шолу жасалды. Метрология саласындағы өлшеудің жаңа бағыттары мен мәселелері атты тақырыпта призентация өткізілді.
Алматы филиалы мен «RADWAG» зауыты арасында бірнеше жылдар бойы ынтымақтастық қарым-қатынас жүргізіліп келеді: Қазақстанға жеткізілетін салмақ өлшеу жабдықтары өлшеу құралдарын тексеру зертханаларында бастапқы салыстырып тексеруден өтеді және «ҰССО» АҚ Алматы филиалының мамандарымен жүзеге асырылады. Осыған орай геометриялық шамалар мен механикалық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру зертханаларын массалық компоратор эталондарымен жабдықтау мәселесі талқыланды. Аталған зауыт қазіргі таңда Қазақстан нарығында «SARTORIUS» және «Mettler Toledo» сияқты салмақ өлшеу жабдықтарын өндіруші ірі компаниялармен бәсекеге түсе алатындарын атап өтіп, «ҰССО» АҚ Алматы филиалының мамандарына көрсеткен қызметтері үшін зауыт өкілдері өз алғыстарын білдірді.
2022 жылғы 23-25 қараша аралығында өлшемдердің 17-түрі иондаушы сәулелерді өлшеуді мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатында «Қазақстандық стандарттау және метрология орталығы» РМК (ҚазСтандарт РМК) өкілдері Қонаев қаласында орналасқан және АҚХА-нің қайталама стандарттарының зертханасы болып табылатын «ҰССО» АҚ Алматы филиалы иондаушы сәулеленуді жүзеге асыратын арнайы зертханаға барды. Мамандар зертхананың жабдықталу деңгейімен танысып, зертхананың эталондық базасын ұлттық зертхана ретінде тану туралы ресми шешім қабылдау керектігін растады.
Сонымен қатар иондаушы сәулелену өлшеу құралдарын салыстырып тексеру зертханасына тәжірибе алмасу мақсатында 2022 жылғы 05-08 желтоқсан аралығында Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдай министрлігі Қырғыз-Ресей Славян университеті «Азаматтық қоғамды дамыту» оқу-ғылыми техникалық орталық өкілдері де жұмыс сапарымен келді. Аталған орталықтың базасында Қырғызстан мемлекетінде халық пен аумақтың радиациялық химиялық қауіпсіздігі жөніндегі арнайы зертхана құру жоспарланғаны атап өтілді. Орталық өкілдеріне «ҰССО» АҚ Алматы филиалы мамандарымен аталған қызметтерге қойылатын кәсіптік талаптар тізбесі түсіндірілді және радиациялық қауіпсіздік саласындағы зертханалардың ұлттық заңдар және халықаралық талаптарға сай қызмет атқарудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Алматы филиалы мамандарымен 2022 жылы 02 желтоқсанда Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы К.А. Салимбаевпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде кездесу өтті. Кездесуде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, мемлекеттік басқарудың барлық салаларында және экономика салаларында бұзушылықтар мен қылмыстардың санын азайтуға мүмкіндік беретін факторлар түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру, әкімшілік кедергілерді қысқарту, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде рәсімдерді күшейту, билік органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттарды іске асыруын қоғамдық бақылауға тұрғындарды тарту мәселелері де талқыланды.