2025 жылдың бірінші тоқсанында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалында шығын өлшегіш, сұйықтық есептегіштердің шығын өлшегіші, су есептегіштерді, жылу есептегіштер жиынтығының сұйық өлшегіштерін салыстырып тексеру мен калибрлеудің жаңа түрі игеріледі. Осы бағыт бойынша эталондық жабдық сатып алынды – УПСЖ – ПРО 200 салыстырып тексеру қондырғысы. Сондай-ақ теміржол жүрісіндегі салмақ салыстырып тексеру вагонын тартпай, салмақ салыстырып тексеру ВПУ-12.5 қондырғысын қолдана отырып, ВД үлгісіндегі вагон таразыларын салыстырып тексеру бойынша филиалдың салыстырып тексеру зертханасын аккредиттеу саласын кеңейту жүргізілетін болады.

 

 

 

ӨҚ тексеру бөлімінің бастығы                                       Сарсекеев Т.К.