«ҰлтССО» АҚ Атқарушы органның басшысы Суентаев Д.С. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Скляр Р.В. төрағалығымен «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ үйлестіру кеңесіне қосылды.

Үйлестіру кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әшімбаев М.С., Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Сұлтанов Б.Т., Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Исекешев Ә.О., «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мирзағалиев М.М., «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауранбаев Н.Е. және ұлттық компаниялар мен отандық бизнестің басқа да басшылары кіреді.

Қазақстанның машина жасаушылар одағы 636-дан астам машина жасау кәсіпорындарын біріктіреді.

Одақты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» аккредиттеген.

Одақтың Қазақстан бойынша 17 аймақтық өкілі бар.

Одақтың мақсаты:
* Отандық машина жасау саласын қолдау және дамыту, отандық машина жасау кәсіпорындарын біріктіру.
Одақтың миссиясы:
* Отандық машина жасаудың бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған деңгейіне жетуі.