Жүйені сертификаттау-бұл үшінші тараптың ұйым жүйесін тәуелсіз тексеруі, атап айтқанда басқару жүйелерінің сәйкестігін растайтын орган және тексерудің оң нәтижелері негізінде сертификат беру.
Сертификат – бұл менеджмент жүйесінің, өнімнің немесе қызметтің белгілі бір талаптарға сәйкестігін растайтын құжат.
Сертификаттау құны көптеген факторларға байланысты. Оларға бірінші кезекте мыналар жатады: кәсіпорынның мөлшері, қызметкерлер саны.
Сертификаттауды жүргізудің шарты ұйымда мынадай стандарттардың талаптарына сәйкес құжатталған және енгізілген менеджмент жүйесінің болуы болып табылады: ҚР СТ ІЅО 9001-2016, ҚР СТ ІЅО 14001-2016, ҚР СТ ІЅО 45001-2019, ҚР СТ ІЅО 50001-2019, ҚР СТ ІЅО 22000-2019.
Менеджмент жүйелерін сертификаттау рәсімі келесі кезеңдерді қарастырады:
ақпараттық жүйеге өтінім беру;
сертификаттауға шарт жасасу;
менеджмент жүйесі бойынша ұйымның құжаттамасын ұсыну;
ұйым ұсынған құжаттар жиынтығын стандарттар талаптарына толықтығы мен сәйкестігіне талдау;
ЖМ құжаттарын талдау нәтижелері бойынша қорытынды;
сәйкестіктік сертификаттау аудитын қортындылау;
аудит нәтижелері бойынша қорытынды;
түзету іс-шараларын жүргізу (сәйкессіздіктер болған жағдайда);
сәйкестік сертификаттарын (ақпараттық жүйеде) үш жылға дейінгі мерзімге беру және ресімдеу туралы шешім қабылдау;
инспекциялық бақылау жүргізу;
егер компания бұдан әрі менеджмент жүйесінің жұмыс істеуін қолдауға ниетті болса, Тапсырыс берушінің қалауы бойынша қайта сертификаттау аудиті.
Сертификаттау аудиті (қайта сертификаттау) және инспекциялық бақылау кәсіпорынның кеңселеріне, тікелей сертификаттаудың мәлімделген саласына сәйкес жұмыстар жүзеге асырылып жатырган өндірістік алаңдарға да барып жүргізіледі.
Егер бұл ақпарат сіздің компанияңызды қызықтырса, сіз “Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы” АҚ Астана филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін бақылау және растау бөліміне жүгіне аласыз. Бөлімнің тәжірибелі мамандары сіздің өтініміңізге бастапқы талдау жүргізеді, сертификаттау құнын есептеуге коөмектеседі.
Икласова А. М. – “Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы” АҚ Астана филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін бақылау және растау бөлімінің жетекші маманы.