Әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісі Дүниежүзілік сапа күні ретінде аталып өтеді. Оның мақсаты – өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне, басқару және заманауи сапа мәдениетін қалыптастыру үдерістерін жетілдіруге жұрт назарын аудару.
2025 жылдың 13 қарашасында «ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалы Дүниежүзілік сапа күні аясында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Қызылорда облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары және өкілдері қатысты. Салтанатты шараны «ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалының директоры Қауғаев С.А. ашып, қонақтарды құттықтап, сапаның заманауи тәсілдерін тиімді басқарудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шарада салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 6 кәсіпорынның өкілдері «Сапа көшбасшысы-2025» дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен, тағы 4 кәсіпорын сапа саласына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталған кәсіпорындар қатарында «Құмкөл-ЭКО» ЖШС, «Dihan Ata» ЖШС, «КСМ KZ» ЖШС, «Тандем Петролеум» ЖШС, «Новомет Казахстан» ЖШС, «АГМ-Табыс» ЖШС (Қызылорда филиалы) бар.

Сондай-ақ, сапа саласындағы кәсібилігі мен елеулі үлесі үшін «ҰлтССО» АҚ ҚФ мамандары Ленева О.А., Рахменшеева К.Ш., Зайчикова М.В., Кудебаева М.Ж., Болат А.Г., Омарова Г.Н., Сүлейменова М.С. құрмет грамоталарымен марапатталды.
