Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде қарашаның екінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сапа күні аталып өтеді. Дүниежүзілік сапа күнінің басты мақсаты – әлемдік нарықта ұсынылатын жоғары сапалы қызметтер мен өнімдердің маңыздылығын арттыру. Мерекенің басты мақсаттарының бірі – тауарлар мен қызметтердің сапасының деңгейіне қатысты мәселелерге назар аударуға көмектесетін іс-шараларды нығайту және насихаттау.
2022 жылдың 10 қарашасы «ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалында Дүниежүзілік сапа күнін мерекелеу аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді, оған Қызылорда облысының кәсіпорындарының басшылары мен өкілдері шақырылды.
Салтанатты шараны «ҰлтССО» АҚ Қызылорда филиалының директоры Е.Ж.Қамбаров ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, барлық бастамаларға сәттілік пен береке тіледі.


Одан кейін дөңгелек үстелде келесі баяндамалар тыңдалды:
• «Менеджмент жүйелерін енгізу – кемелдікке жол» (баяндамашы – «ҰлтССО» АҚ ҚФ жетекші маманы Мустафаева Л.С.);


«Сапаны басқарудағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі» (баяндамашы – «ҰлтССО» АҚ ҚФ жетекші маманы Зайчикова М.В.);


«Өнімдерді сынау және сапасын бақылау» (баяндамашы – «ҰлтССО» АҚ ҚФ жетекші маманы Мағауия С.Б.).


Дөңгелек үстел соңында 7 кәсіпорын өкілдеріне «Сапа көшбасшысы-2022» сертификаттары мен естелік кәдесыйлар, сапа саласына қосқан үлесі үшін тағы 6 кәсіпорын алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталған кәсіпорындар қатарында «Құрылыс» АҚ, «Жаңа Арал» ЖШС, «НП-Консалтинг» ЖШС, «УАД» ЖШС, Байдалиев ЖК, «Стандарт СтройСервис ЛТД» ЖШС бар.
Сондай-ақ сапа саласына қосқан үлесі үшін «ҰлтССО» АҚ ҚФ мамандары Есжанова А., Ленева О., Кудебаева М., Мизамбаева С., Мұстафаева Л., Бекишева Б.-ға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.