2023 жылдың 23 мамырында ұйымымыздың жүз жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Осындай айтулы жүз жылдық мерейтойлық күнді атап өту – Мекемеге, оның тарихына, қызметкерлеріне деген құрмет қана емес, сонымен қатар қоғам назарын аударып, жаңа кәсіби жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бүгін біздің ортақ мерекеміз – 100 жылдық ұмтылыстарымыз, серпілістер мен жеңістер, оның жетістігінде атқаратын қызметіне қарамастан әрбір қызметкердің өз үлесі бар. Біздің ұйым өзін жақсы жағынан көрсете білді және қызмет көрсету нарығында өзінің лайықты орнын алды.
Дөңгелек үстелде Президент кеңесшісі – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы ұжымдатстарды құттықтады. Филиал қызметкерлеріне зор алғысын білдіре отырып, ұзақ жылдар бойына ұйымшылдықпен жұмыс, табысты қызмет, келешегі зор идеялар мен жоғары табыс тіледі, сонымен қатар филиал қызметкерлеріне «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының» АҚ Президенты Суентаев Дамир Серкбаевичтің «Құрмет грамоталарын» табыс етті.
Басшылық пен қызметкерлерге ұйымның жүз жылдық мерейтойымен құттықтаймыз, құттықтай отырып, сізге өркендеу, тұрақтылық, сенімді ілгерілеу, елеулі кәсіби жетістіктер және ұжымның үйлесімді жұмыс істеуін тілейміз!