Тәуекелдерді басқарудағы менталдық тұзақтар

Адам миы жағдайды өзіне үйреншікті сценарийлер негізінде бағалайды.

Бұл оптикалық иллюзияларды түсіндіреді,біздің қабылдауымыз бізді алдаған кезде, ми көзден пиксель түрінде түскен ақпаратты өңдеп, оны біз үйренген бейнеге айналдырады.

Неліктен көптеген басшылар тәуекелдерді көбінесе көрмейді? Неліктен басшылар тәуекелдерді көре алса да, оларды бағаламайды? Неліктен басшылар бұл тәуекелдердің бизнес үшін маңызды екенін түсінсе де, тәуекелдерді басқара алмайды?

Төменде жағдайды дұрыс бағалауға немесе дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіретін ең айқын менталдық тұзақтар көрсетілген.

 

Беделге сену Біз беделді адамдарға сенеміз және олардың пікіріне көбірек тәуелді боламыз.
Зәкір эффектісі Алғаш берілген ақпаратқа («зәкірге») шамадан тыс сүйенеміз және басқа нұсқаларды дәл сол зәкірмен салыстырамыз.
Назардың басқа жаққа ауып кетуі Қабылдауымыз қазіргі ойлауымызға тәуелді, сондықтан балама мүмкіндіктерді қарастырмаймыз.
Көпшілікке еріп кету әсері Өз сенімімізге қарамастан, басқалар не істесе, біз де соны жасаймыз.
Жалған шындық әсері Бір ақпаратпен бірнеше рет кездескенде, оны шынайы деп қабылдай бастаймыз.
Негативтілік әсері Позитивті жағдайлармен салыстырғанда, негативтілер бізге көбірек әсер етеді.
Объектімен таныс болу әсері Біз заттарға (тұлғаларға) артықшылық бере бастаймыз, өйткені олар бізге таныс
Аңқау шынайылық Біз әлемде көргенімізді объективті шындық деп санаймыз, ал өзгелердің көзқарасын білмегендіктен деп қабылдаймыз.
Түйеқұс әсері Психологиялық жайсыздық тудыруы мүмкін ақпараттан қашамыз.
Субъективті баға Ақпарат біз үшін жеке мән мен маңызға ие болса, оны дұрыс деп санаймыз.
Шығынды қабылдамау Біз баламалы кіріс алуға тырысқаннан гөрі шығындардан аулақ болғанды жөн көреміз
Шамадан тыс өз-өзіне сенімділік әсері Біздің пайымдауымыз шынайы жағдайдан да дұрыс деп санаймыз
Консерватизм Жаңа дәлелдер ұсынылса да, жеткілікті түрде өз көзқарасымызды қайта қарастырмаймыз

100-ден астам менталдық тұзақ бар, және біз олармен күн сайын бетпе-бет келеміз. Мұндай тұзақтарды жеңу тек тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау, бағалау және басқарудың жүйелі тәсілі арқылы мүмкін.

 

 

«ҰлтССО» АҚ БҚФ

Менеджмент жүйелері сәйкестіктігін растау

және маркетинг бөлімінің жетекші маманы                                             Клара Нуржанова