«ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалында «Глобал Строй» ЖШҚ, Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Жуковский қ. және «Профессор Н. Е. Жуковский атындағы орталық аэрогидродинамикалық институт” ФАМ, Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Жуковский қ. (“ОАГИ” ФАМ) бірлесіп ЭМС 0,05/60-240 аэродинамикалық өлшегіш қондырғысын монтаждау және пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
ЭМС 0,05/60-240 аэродинамикалық өлшегіш қондырғысы ауа ағынының жылдамдығын өлшеу құралдары үшін Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына сәйкес жұмыс эталоны ретінде қолданылады және 0,05 м/с-тан 60 м/с-қа дейінгі өлшеу диапазонында анемометрлерді, қысым қабылдағыштарды және ауа ағынының жылдамдығын өлшеудің басқа құралдарын салыстырып тексеруге және калибрлеуге арналған.
Ауа ағынының жылдамдығы бірлігінің мөлшерін беру тіркеу № 2.1.АОЛ.0035.2016 (ГЭТ 150-2012 ауа ағынының жылдамдығы бірлігінің мемлекеттік арнайы бастапқы эталонына («Д.И. Менделеев атындағы РМҒЗИ» ФМУК, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.) ауа ағынының жылдамдығы бірлігінің Мемлекеттік қайталама эталонынан жүзеге асырылады).
Бұл жабдықты сатып алу біздің зертханада ауа ағыны жылдамдығының бірлігін 0,05 м/с – тан 60 м/с-қа дейінгі диапазонда ауа ағынының жылдамдығын ± (0,005+0,005 V) аспайтын өлшеуде рұқсат етілген абсолютті қателік шегінде жаңғыртуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, мұндағы V-ауа ағыны жылдамдығының м/с-тағы өлшенген мәні.
Ломакин Евгений Евгеньевич,
«ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының
ГМ ӨҚ салыстырып тексеру
секторының меңгерушісі
тел.: 8 (7212) 94 00 70 (ішкі. 6211)
E-mail: kar_naceks@mail.ru