Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің  м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығымен бекітілген «Қарулы Күштердің, басқа да  әскерлер мен әскери құралымдардың  механикалық көлік құралдары мен тіркемелерін  қоспағанда , механикалық көлік құралдары мен олардың  тіркемелерін  міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін  міндетті қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі» 31 тармағының 6, 7 тармақшаларына сәйкес міндетті техникалық қарап-тексеруден  өту кезінде газ баллон жабдығына мерзімді сынақтар жүргізу туралы куәлігінің болуы тексеріледі және әрбір газ баллонына паспорт деректері бар көлік құралында орнатылған газ баллонының сериялық нөмірі салыстырылып тексеріледі (салыстырылады). Аталған талаптардың әрекет етуі 01.01.2025 жылдан бастап күшіне енеді.

Өндірушінің талаптарына сәйкес және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» 30.12.2014 жылғы № 358 талаптарына сәйкес баллонды екі жыл сайын куәландыру қажет. Куәландыру кезінде баллон сырттай деформациялануға, жарықшақтардың болуына тексеріледі және қысыммен баспақтауға ұшырайды. Дайындаушы зауыттың талаптарында балонның пайдалану мерзімі 10 жылдан артық емес деп көрсетілген. ГБЖ жүйесінің өзін (қосылған жерін, бүріккіштерді, редукторды) бітеулілікке (ағып кетуге) мерзімді түрде сынап отыру қажет.

Осыған байланысты, газ баллон жабдықтарымен жабдықталған автокөліктері бар жүргізушілер мен ұйымдарға 2025 жылы өзіңіздің көліктеріңізді техникалық қарап-тексеруден өткізу кезінде мәселелерді болдырмау үшін ГБЖ жүйесін куәландыруды және газ баллонын баспақтауды алдын ала қарастыруды ұсынамыз, өйткені біздің еліміздің барлық өңірлерінде осындай жұмыс түрлерін  жүргізуге және тиісті құжаттарды жазу құқығы бар аккредиттелген инспекциялық органдар жоқ.

Сондай-ақ, осы жұмыс түрлерін уақтылы жүргізу көлік құралдарының істен шығуы (жарылыс және өрт салдарынан) сияқты жазатайым оқиғалардан сақтайды, осы көлік құралдарында жұмыс жасайтын персоналдың жұмысын қауіпсіз етуге мүмкіндік береді. Соңғы уақытта ГБЖ орнатылған көлік құралдарының, осы көлік құралдары тұратын орынжайлардың өртенуі және жарылуы жиілеп кетті, өйткені газ (ТМД) ауадан ауыр, ол еденге бақылау шұңқырларына және т.б. түседі, жинақталады және кейде өліммен аяқталатын қайғылы салдарға әкеп соғады. Бұл өз кезегінде бөлім басшыларының да, бастықтарының да әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігіне әкеледі.

Қазіргі уақытта «ҰлтССО» АҚ-да арнайы уәкілетті ұйымдар болып табылатын төрт филиал бар, атап айтқанда, баллондарды куәландыру және ГБЖ жүйесін мерзімді сынақтан өткізу үшін қажетті жабдықтары мен білікті мамандары бар аккредиттелген инспекциялық органы бар. «ҰлтССО» АҚ барлық ниет білдірушілерді куәландыру рәсімінен өтуге мына мекенжайлар бойынша қабылдауға дайын:

– «ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалы, Қостанай қ., Карбышев к-сі, 46.  Байланыс телефоны +77477391122/ +77142 522 066 (ішкі 7716).

– «ҰлтССО» АҚ Ақтөбе филиалы, Ақтөбе қ., Өндірістік аймақ орамы,

483 А. Байланыс телефоны +7 7132 94 16 20, +7 777 158 03 44.

– Маңғыстау филиалы, Ақтау қ., өндірістік аймақ, 9, № 37/3 ғимараты. Байланыс телефоны +77755176121.

-«ҰлтССО» АҚ Батыс Қазақстан филиалы, Орал қ., Гагарин к-сі, 23,

9 кабинет. Байланыс телефоны +7 705 570 7926.

 

 

«ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалының  ТҚКО бастығы

          Смагулов А. Р.