«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қарағанды филиалының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында өзінің аккредиттелген салыстырып тексеру зертханасы бар.
«ҰлтССО» АҚ ҚФ мыналарға салыстырып тексеру жүргізеді:
– жылу есептегіштер;
– Шығын өлшегіштер;
– қысым датчиктері;
– термотүрлендіргіштер;
– пәтердегі жылу және су есептегіштері;
– жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдары және автоматика.
Аспаптарды салыстырып тексеру бойынша жұмыс жеке тексеру жабдығында жүргізіледі. Белгіленген тәртіппен аттестатталған, білікті өлшем құралдарын салыстырып тексерушілер штаты бар. Аспаптарды тексеру барысында қосымша қажетті жұмыстар туындайды. Бұл монтаж-бөлшектеу, жөндеу, баптау жұмыстары.
«ҰлтССО» АҚ ҚФ сервистік орталығы осы жұмыстардың толық көлемін орындау мүмкіндігіне ие:
– дайындаушы зауыттың техникалық регламентіне сәйкес аспаптарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
– аспаптарды пайдалану барысында ақаулар анықталған жағдайда жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
– техникалық қызмет көрсету көлемінде аспаптарды баптау (юстирлеу);
– техникалық қызмет көрсету аяқталғаннан кейін аспаптарды салыстырып тексеруді (калибрлеуді) орындау.
«ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалы «КАРАТ» ҒӨБ шығаратын аспаптарға сервистік қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ресми өкілі болып табылады, олар шығын өлшегіштердің, жылу есептегіштердің, жылу және су есептегіштердің ірі өндірушісі болып табылады. «ҰлтССО» АҚ ҚФ кәсіпорындар мен тұрғын үйлерде орнатылған жылу-есепке алу жүйелеріне тексеру жүргізу және сапалы техникалық қызмет көрсету үшін техникалық мүмкіндіктерге ие. Бізде білікті мамандар штаты, қосалқы бөлшектердің, техникалық қызмет көрсетуге және аспаптарды жөндеуге арналған жөндеу жиынтықтарының қоры бар.
Ахмеров Рашид Мубаракович
«ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының
сапа бойынша басшылық өкілі
тел.: 8 (7212) 94 00 70 (ішкі 6227)
E-mail: kar_naceks@mail.ru