Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2022 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақтың жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі жөніндегі жаңа техникалық регламенті бастап қолданысқа енгізілді. Регламент Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 74 шешімімен қабылданды. ЕЭК Алқасының шешіміне сәйкес өтпелі кезең 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.Осы техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі: магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдауға дайындалған табиғи жанғыш газ.Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газ. Табиғи сығылған жанғыш газ. Сұйытылған табиғи жанғыш газдар болып табылады.
ЕЭК шешімімен 046/2018 ЕАЭО ТР бойынша халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесі қабылданды. Көрсеткіштерді анықтау бойынша барлық көрсеткіштер мен әдістер стандарттау жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етілген.
Техникалық регламент Одақтың кеден аумағынан тыс жерге экспортталатын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақталатын, табиғи жанғыш газға қолданылмайды.Техникалық регламент Одақтың аумағында табиғи жанғыш, айналымға шығарылатын және айналымдағы табиғи жанғыш газға ең аз қажетті қауіпсіздік талаптарын қамтиды және физика-химиялық көрсеткіштері бойынша техникалық регламентке қосымшаларда қамтылған талаптарға сәйкес болуы тиісті.
Анықтама: Табиғи газдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде сынақ әдістері техникалық регламенттің талаптарын пайдалану мен орындау үшін және табиғи жанғыш газ сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістері және ережелері, соның ішінде үлгілерді іріктеу ережелері бар халықаралық және өнірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізіміне енгізілетін стандарттарда белгіленеді.Табиғи газды айналымға шығарар алдында өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін декларациялау нысанында сәйкестігін бағалау жүргізіледі. Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы өтінім берушілер бола алады. Декларациялау схемалары Техникалық регламенттің VI бөлімінде келтірілген.Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы тұтынушының талап етуі бойынша сәйкестік туралы декларацияның және өнім сапасы паспортының көшірмесін ұсынуға міндетті.
Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес барлық өнімдер сәйкестік туралы декларация, сәйкестік сертификаты түрінде жүзеге асырылады. Сәйкестігін растау құжатын «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Ақтөбе филиалынан алуыңызға болдады. Сізге сәйкестігін растау бөлімінің мамандары кеңес беріп,құжаттарыңызды рәсімдеуге, қол ұшын беріп көмектесуге дайын. Ақтөбе қаласы,Сағадат Нұрмагамбетов көшесі, 1Б,
тел:941-620,55-03-11 мекен жайы бойынша хабарласуға болады.

Басантаева Гүлжихан Өтегенқызы.
«ҰССО» Ақтөбе филиалының сәйкестігін
растау бөлімінің жетекші маманы.