Құрметті кәсіпкерлер!
Бірыңғай тізіліммен беріліп Қырғызстанда тіркелген сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларын іріктемелі талдау нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнімдерінің декларацияларын ЕАЭС-ке тіркеу кезінде сәйкестігі туралы айтарлықтай сәйкессіздік анықталғандығын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
ЕАЭС-ке сәйкестік туралы декларацияларын тіркеуді Қырғызстанның мынадай ұйымдары жүргізді:
– «Техно Серт» ЖШҚ СРО (Бішкек қ.);
– «Бішкек Стандарт» СО (Бішкек қ.);
– Қадамжай аудандық ауруды алдын-алу Орталығы және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау (Қадамжай қ.).
Қырғызстанның жоғарыда көрсетілген сертификаттау бойынша органдары мен өкілетті ұйымдарының жосықсыз қызметінің нәтижесінде Қазақстан нарығында қауіпті өнім шығарылады!
Өнімді сәйкестендіру бөлігіндегі “Тамақ өнеркәсібі қауіпсіздігі туралы”
(КО ТР 021/2011) Кеден одағының техникалық регламентіндегі 6-бабтың және өнімнің сәйкестігін растау бөлігіндегі “Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы” (КО ТР 017/2011) Кеден одағының техникалық регламентіндегі 11-бабтың бұзылуына байланысты, 2022 жылы 29 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағында төменде келтірілген келесі сәйкестік туралы декларациялардың күшін жою туралы 30.09.2022 ж. № 323-ҢҚ Бұйрық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен қабылданды:
1. 27.01.2022 жылғы
2. 22.01.2022 жылғы
3. 17.02.2020 жылға
4. 27.01.2022 жылғы