Ағымдағы жылдың сәуір айында “Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығы күшіне енді. Бұл ережелер өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
“Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ Астана филиалы сынақ орталығының азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды сынау секторы өндірістік бақылауды іске асыру мақсатында тамақ өнімдерін өндіру және қоғамдық тамақтану объектілерінен зертханалық зерттеулер жүргізуге өтінімдер қабылдайды.
Біз келесі көрсеткіштер бойынша зертханалық сынақтар жүргіземіз:
– су құбыры желісіндегі судың, шикізат пен дайын өнімнің микробиологиялық көрсеткіштері;
– су құбыры желісінен суды қысқаша химиялық талдау;
– құрғақ препараттар мен дезинфекциялау құралдарының ерітінділерін зерттеу;
– жабдықтан, қолдан және санитарлық киімнен жуу алынған шайындылар;
– дайын өнімді термиялық өңдеу сапасы.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 695-355 (қосымша 1573) нөмірі бойынша немесе электрондық поштаға хабарласуға болады lab_astana@mail.ru