2022 жылдың мамыр айында «Сайман корпорациясы» ЖШС шақыруымен «ҰлтССО» АҚ президенті Д.С. Суентаев және Қарағанды мен Алматы филиалдарының басшылары осы кәсіпорынға барды.
Тұсаукесер барысында «ҰлтССО» АҚ өкілдері өндірістік цехтарға барып, аспаптарды дайындау циклімен, технологиялық жабдықтармен танысты. Сондай-ақ шығарылатын өлшеу құралдарына бастапқы салыстырып тексеру жүргізетін метрологиялық қызметтің жұмысымен танысты.
Қорытынды кеңестің нәтижесінде мынадай уағдаластықтарға қол жеткізілді:
1. Пилоттық жоба ретінде «ҰлтССО» АҚ ҚФ негізінде «Сайман корпорациясы» ЖШС сервистік орталығын ашу.
2. Қарағанды қаласында сервистік орталық құру бойынша бірлескен жұмысты бастау.
2022 жылғы желтоқсанда «Сайман корпорациясы» ЖШС мен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ арасында «Сайман корпорациясы» ЖШС өндіретін электр энергиясы есептегіштерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталықты ашу туралы шарт жасалды. Шарт шеңберінде «ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының екі қызметкері «Сайман корпорациясы» ЖШС сервистік орталығының негізінде «Құрылғы жұмысының принципі, ақаулы элементтерді анықтау және жою, «Орман» СО-Э711, «Дала» СА4 типті электр энергиясын есептеу аспаптарын, олардың жетілдірілген түрлерін калибрлеу» тақырыбы бойынша оқытудан өтті. Оқыту нәтижелері бойынша аталған қызметкерлерге тиісті сертификаттар берілді.
«Сайман корпорациясы» ЖШС ұйымы аспаптарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындауға арналған жабдықтардың, құралдардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің тізбесін айқындады. Қазіргі уақытта «Сайман корпорациясы» ЖШС «ҰлтССО» АҚ ҚФ сервистік орталығына беру үшін жабдықтар дайындауда.
Қарағанды және Ұлытау облыстарының кәсіпорындарын сервистік орталықтың ашылуы және «Сайман корпорациясы» ЖШС өндірген электр энергиясы есептегіштерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Мәселен, 2023 жылдың ақпан айында Жезқазған қаласында «ҰлтССО» АҚ ҚФ бастамасымен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары У.Т.Усеновтың төрағалығымен Ұлытау облысының коммуналдық саласы объектілерінің жылу, су, электр энергиясын есепке алу аспаптарын метрологиялық тексерумен және жөндеумен қамтамасыз ету жөнінде кеңес өтті.
Кеңеске «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қарағанды филиалы мен «Сайман корпорациясы» ЖШС өкілдері қатысты.

Ахмеров Рашид Мубаракович
«ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының
сапа бойынша басшылық өкілі
тел.: 8 (7212) 94 00 70 (ішкі. 6227)
E-mail: kar_naceks@mail.ru
karaganda@naceks.kz