Біз «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ұлттық ESG – клубының мүшесі болғанын хабарлауға қуаныштымыз. «ҰлтССО» АҚ Ұлттық ESG – Клуб құрылтайшыларының 2022 жылғы 07 қыркүйектегі шешіміне сәйкес ESG – Клубқа, 2022 жылғы 28 маусымдағы Ұлттық ESG – клубты құру бойынша ынтымақтастық ниеті туралы өзара түсіністік туралы меморандум 4.4 тармағына сай қабылданды.
ESG аббревиатурасын «қоршаған орта, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару» деп түсінуге болады. Кең мағынада бұл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару сапасы принциптеріне негізделген коммерциялық қызметтің тұрақты дамуы. Соңғы жылдары жауапкершілік пен экологияға деген тенденция инвестиция саласына да тарады. Нәтижесінде ESG тұжырымдамасы пайда болды.
2022 жылғы 28 маусымда Astana Finance Days V жыл сайынғы қаржылық конференциясы аясында «Ұлттық ESG клубы бизнесті трансформациялау алаңы ретінде» сессиясы өтті. Бұл күні Қазақстан экономикасының көшбасшысы болып табылатын он тоғыз компания Ұлттық ESG клубын құрды. Қазақстанның әртүрлі салаларындағы бизнесті трансформациялауға арналған бұл платформада сарапшылар ESG стандарттарын енгізуге қатысты озық тәжірибелер мен жағдайларды талқылайды.
ESG клубын құру тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, энергия тиімділігін арттыруға және жауапты компаниялар үшін тиісті ынталандыруды енгізуге ықпал етеді.
ESG клубының төрағасы Айдар Қазыбаевтың айтуынша, клуб жұмысының қорытындысы бойынша оның мүшелері белгілеген негізгі бағыттарды жүзеге асырудың жол картасы әзірленетін болады. Клуб ESG тәсілдерін енгізу, жауапты инвестициялау, сондай-ақ «жасыл» және тұрақты жобалар нарығын дамытуға жәрдемдесу мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар, Клуб ESG күн тәртібіне, соның ішінде ESG саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа арналған іс-шараларды өткізеді. Осылайша, бірлескен күш-жігердің арқасында Клуб мүшелері ESG қағидаттарын енгізу бойынша тәжірибе алмасуға, тұрақты инвестициялар тартуға және отандық кадрларды дамытуға мүмкіндік алады. Айта кету керек, Клубқа мүшелік коммерциялық емес және тегін.
Материал The Economist журналынан https://ecolomist.kz/nacionalnyj-esg-club/ және Капитал бизнес ақпарат орталығының https://inbusiness.kz/ru/news/v-kazahstane-sozdan-nacionalnyj-klub-esg жаңалықтар бетінен алынды.