Техникалық реттеу және метрология Комитеті 2024 жылдың бірінші тоқсанында техникалық реттеудің Ақпараттық жүйесін (ары қарай – ТР АЖ) techreg.gov.kz сайтында өнеркәсіптік пайдалануға енгізді.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 1 бабына 41) тармақшасына сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, тізілімдерде бар мәліметтер мен ақпараттарды беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе:

  • техникалық реттеуде;
  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінде;
  • стандарттаудың ұлттық жүйесінде;
  • Еуразиялық экономикалық одағымен берілген және қабылданған

сәйкестікті бағалау туралы құжаттарында.

Осыған сәйкес заңнаманың талаптарын сақтау және одан әрі ТР АЖ өнімдерге (қызметтерге) сертификаттау мен декларациялауға тапсырыс беру үшін техникалық реттеудің түгел субъектілері techreg.gov.kz сайтында тіркеуден өтуге тиіс.

Егер тіркеу кезінде сұрақтар туындаған жағдайда Telegram мессенджерінде мына сілтеме https://t.me/techreg_gov_kz/42669 бойынша жүгіну керек.

Сәуле Исқакова,

“ҰлтССО” АҚ Павлодар филиалының

өнім және қызметтердің сәйкестігін растау

бөлімінің бастығы