2022 жылдың 21 тамызы және.туралы бұйрық күшіне енді. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 316-НҚҚ «Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының немесе шетелдік тауарлардың шығарылған елін, мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның қолданылу мерзімін жою, тауардың шығарылған жерін анықтау қағидаларын бекіту туралы тауардың шығарылған елін анықтау туралы сертификат»
Өзгерістер СЭҚ ТН кодтарын ЕАЭО СЭҚ ТН жаңа редакциясына сәйкес келтіруге қатысты.
Қағидалардың 5-тармағының 1) -10) тармақшаларының толықтай Қазақстаннан шыққан тауарларға арналған құжаттар тізбесі жеңілдетілді (келісімшарттар, шот-фактуралар, жабдықтардың тізбесі, өндіріс объектісіне арналған құжаттар, нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі онымен тауар өндірілді, дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау).
Үшінші елдердің тауарларын өндіру кезінде пайдаланған кезде өнімге шығу мәртебесін беру үшін қажетті жағдайлардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ 3.4-тармақтың 2-қосымшасына өзгерістер енгізілді.
Жергілікті мазмұнның үлесі түсінігі өнімдегі ішкі құн үлесімен ауыстырылды.
Бас маман ТҚ және ТШТС СРЖО
Астана филиалы Назымбекова Д.Б.