2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда, 2020 жылдан бері елімізде қолданылып келген, бизнесті тексеруге қойылған мораторий күшін жойды.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес автоматты тәртіптемеде тәуекелді басқару және бағалаудың ақпараттық жүйесімен қалыптастырылған, тексеруді белгілеуге арналған негіз болып белгіленген талаптардың сәйкестігінің кестесі табылады.
Тәуекелді басқару және бағалаудың автоматты ақпараттық жүйесі жоқ болған жағдайда реттейтін мемлекеттік органмен кесте бекітіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсетіп талаптарға сәйкестігін тексеруді белгілеуге байланысты бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тәуекелдікті бағалау және басқару автоматты тәртіптілікте жылдық негізде ақпараттық жүйеде кесте қалыптастырылады.
Кәсіпкерлік Кодексінің 139 бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет саласында іске асырылатын қадағалауға 19 сала кіреді, соның ішінде, техникалық реттеу облысында техникалық регламенттер талаптарына сәйкес екендігін білдіретін өнім айналысын шығару бөлімінде.
Қазіргі уақытта елімізде ұлттық заңнама және Еуразиялық экономикалық одақ аясында өнім мен оның өндірісінің техникалық регламенттері қолданылуда.
Техникалық регламенттердің талаптары техникалық реттеудің түгел субъектілерімен сақталу үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тура әрекет етеді. Техникалық регламенттерде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар белгіленеді. Міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімді сертификаттау және декларациялау формасы техникалық регламентпен анықталады.
Сертификаттаудан және декларациялаудан өтпеген өнімді шығаруға және жарнамалауға тиым салынады.
Өнімді өндірушілер, өндірушімен уәкілеттелген тұлғалар, импорттаушылар, сатушылар, техникалық регламент облысында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың талаптары бойынша өнімді шығару кезінде өнімнің техникалық регламенттермен бекітілген талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттарын, немесе техникалық реттеу реестрінде осындай құжаттардың бары туралы мәліметтер немесе Еуразиялық экономикалық одақпен немесе бірыңғай реестрмен берілген немес қабылданған сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды, басқа да дәлелдемелік материалдарды тапсыруға тиіс.
Осыған байланысты, “ҰлтССО” АҚ Павлодар филиалының өнімнің сәйкестігін растау бойынша органы заңнама талаптарын сақтау үшін:
Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасын сақтау мәселелерінде өндіретін және іске асыратын өндірістерді белсенді азаматтық танытуға шақырады;
- өз өнімінің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растау рәсімін өтуге өндірістерді шақырады.
Контактылар: 140007, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Жамбыл көш., 2, өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау бөлімі: 39 06 88 (ішкі 9015), e-mail: ops_pvl2020@mail.ru.
Сауле Ысқакова,
“ҰлтССО” АҚ Павлодар филиалының
өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау
бөлімінің басшысы