2023 жылдың желтоқсан айында «ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалының өкілдері – автокөлік құралдарының сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор Б. С. Досов пен сынақ орталығының бастығы Д. Т. Дарменов ҚХР-на, Чунцин қаласына «CHONGQING KUAYUE (GROUP) CO., LTD» (ҚХР) зауытына автокөлік құралдарының көлік құралының түрін мақұлдау нысанында сәйкестігін растау мақсатында  N1 санатты D5 типті, коммерциялық атауы D5, және Т3 типі, коммерциялық атауы T3, T3 PLUS «KYС» маркалы шағын тоннажды жүк автокөлік құралдарын өндіру шарттарына тексеру жүргізу үшін  сапармен барды.

Кәсіпорындағы өндіріс жағдайларын тексеру үш күн бойы жүргізілді, өнімдер мен оны өндіру шарттары НҚ белгіленген талаптарына сәйкес келеді. Тұрақты сапалы өнім шығару үшін «KYС» маркалы шағын тоннажды жүк автокөлік құралдарын өндіру шарттары бар.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 400 000-ге дейін  автомобильдерді құрайды. Компанияның 10 еншілес компаниясы бар және Қытайдағы жеңіл жүк көліктерінің ең ірі

өндірушілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты ҚХР-да орналасқан. Компания шығаратын өнімдер Қытайдың ішкі нарықтарына, сондай-ақ әлемнің әртүрлі елдеріне: Аргентина, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Бангладеш, Бахрейн, Боливия, Болгария, Чили, Эквадор, Италия, Кувейт, Малайзия, Жаңа Зеландия, Перу, Сауд Арабиясы, Тунис, Вьетнам, Мьянма, Ангола, Өзбекстанға экспортқа жіберіледі. Компания 1994 жылы құрылған. 2021 жылдың аяғында компанияның жалпы капитализациясы 30 миллиард юаньды құрайды. Компания «фокус, кәсіпқойлық және сарапшылар» бренд тұжырым-дамасымен «күн сайын алға жылжу арқылы бірінші болуға ұмтылады» корпоративтік рухын ұстанады. 20 жылдан астам тұрақты дамудан кейін оның қазір 10-нан астам еншілес компаниялары, 10 000-нан астам компания қызметкерлері және әлемде 3 миллионнан астам көлік иелері бар. Бүкіл әлем бойынша іскерлік серіктестері бар. 2019 жылы компания Үкіметтің «Бір белдеу, бір жол» әлеуметтік-экономикалық бағдарламасына сүйене отырып, бүкіл әлем бойынша өз қызметін кеңінен жүзеге асыруға бағытталады.

Компания бірнеше рет «Чунцин ірі 50 кәсіпорны», «Қытайдың ең ірі машина жасау компанияларының бірі» қатарына кірді және Машиналар мен электрониканы импорттау және экспорттау бойынша Қытай сауда палатасымен «Ұсынылған экспорттық бренд» ретінде бағаланды. Бұл сондай-ақ Chongqing Changan Automobile Co Ltd компаниясына берілген «Автомобиль экспорты базасының ұлттық кәсіпорны» коммерциялық автомобильдер шығаратын база болып табылады.

Компания 1 бренд шығарады: «ChangAn KYC», шағын жүк көліктерінен жеңіл жүк көліктеріне дейін, Pikap, минивэн, дәстүрлі автомобильдер мен электр көліктерін қамтиды.

Бүгінгі күні «ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалы Chongqing Changan Automobile Co., Ltd компаниясы шығарған D5 және Т3 типті шағын тоннажды «KYС» маркалы жүк автокөлік құралдарының екі түрін ресімдеп, мақұлдады.

                            Байланыс телефондарымыз:

                           8-(7142) 522066 (ішкі 7764) (сәйкестікті сараптау және растау бөлімі).

 

 «ҰлтССО» АҚ ҚФ ССРБ

 1 санатты маманы

М. С. Утепбаев