«Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК қыркүйек айында Астана қаласында «Сәйкестікті бағалау – Түрлі типтегі инспекциялық органдардың жұмысына қойылатын талаптар» EN ISO/IEC17020 бойынша тегін оқыту ұйымдастырды.
Халықаралық тәжірибесі бар шетелдік лектор Музаффер Озен шақыртылды.
Оқыту бағдарламасы 4 күнге жоспарланды. Бағдарламаға сәйкес 4 бағыт қарастырылды – автокөліктерді техникалық тексеріп қарау, аттракциондар, жедел сатылар және ГБҚ. Соңғы екі бағыт Қазақстанда қамтылып, тәжірибеде қолданыста болса, алғашқы екеуі дайындық барысында, заңнамалық нормалары мен актілері әзірленіп жатыр.
4 күн жылдам әрі байқаусызда өте шықты, барлығы өте қызықты және танымды болды. Лектор теориядан басқа Түркияда қалай өтетінін, бағыттар бойынша процестердің видеосын әзірледі. Жаңа үйде инспекцияны жүргізумен орнатылған жеделсатының видеосы, автокөлікті техникалық тексеріп қарауды жүргізу видеосы ұсынылды. Екі видео да тәжірибеде тікелей осы іспен айналысатын мамандардың егжей-тегжейлі түсініктемелерімен болды.
Лектор біздің сұрақтарымызға рахаттана жауап берді және инспекциямен байланысты басқа да процестердің европалық тәжірибеде қалай жүзеге асырылатынын толықтай баяндап берді.

«ҰлтССО» АҚ КФ
Техникалық тексеріп қарау орталығының бастығы
Дарменов Д.Т.