2025 жылғы 01 қаңтардан бастап көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін көлік құралының электрондық паспортын ресімдеу қажет.
Көлік құралының электрондық паспорты (КҚЭП) – көлік құралының қағаз паспортының электрондық аналогы. КҚЭП көлік құралының техникалық сипаттамасын, тіркеу іс-әрекеттері туралы, шектеулер мен ауыртпалықтар туралы, кәдеге жарату алымын төлеу туралы, кедендік шектеулер мен кедендік тазарту туралы мәліметтерді қамтитын болады. Электрондық паспорт автокөлікті пайдалану уақыты бойы сақталады, біртіндеп жаңартылады.
КҚП ресімдеу дайындаушылармен, импорттаушылармен және басқа да уәкілетті ұйымдармен электрондық паспорттар жүйесіндегі (ЭПЖ) өзінің жеке кабинеті арқылы міндетті өрістерді толтыру жолымен жүзеге асырылады. Соған сәйкес, дайындаушылар өндірілетін көлік құралдарына, импорттаушылар әкелінетін көлік құралдарына КҚП ресімдейді, ал қалған уәкілетті ұйымдар өтініш берушілердің, оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша КҚЭП ресімдейтін болады. Уәкілетті ұйым ретінде аккредиттеу саласында көлік құралдарының КО ТР 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігін растау енгізілген сынақ зертханалары жұмыс істей алады.
КҚЭП ресімдеу үшін көлік құралдарының иелері көлік құралын кедендік тазалауды жүргізуі, барлық төлемдерді (кедендік және кәдеге жарату алымдарын) төлеуі және уәкілетті ұйымға көлік құралына арналған құжаттарды және КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты ұсынуы қажет.
КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын:
– Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (КҚКҚК) – айналысқа шығарылатын жеке көлік құралының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
– Көлік құралының типін мақұлдау – бір типке жатқызылған айналысқа шығарылатын көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат болуы мүмкін.
КҚЭП ресімдеу үшін өтінім беру кезінде уәкілетті ұйымдар КҚЭП тек сол көлік құралдарына және олардың сынақ зертханасының аккредиттеу саласына енгізілген құжаттарының типтері негізінде ресімдей алатынын ескеру қажет. Мысалы, егер көлік құралы КҚТМ негізінде кедендік ресімделсе, электрондық паспортты ресімдеу үшін көлік құралдарын сынау бойынша жұмыс істейтін және КҚТМ ресімдейтін ұйымды іздеу қажет.
«ҰлтССО» АҚ-ның Қостанай филиалы көлік құралдарының барлық санаттарына КҚКҚК және КҚТМ негізінде КҚЭП ресімдеу жөніндегі өкілеттіктері бар уәкілетті ұйымдардың тізіліміне енгізілген.
Біздің мамандарымыз әрқашан кеңес беруге және мына телефондар арқылы өтінім қабылдауға дайын:
+77477391122
+7 (7142) 522 066, ішкі 7773, 7716.
Біздің мекенжайымыз: Қостанай қ., Карбышев к-сі, 46.
“ҰлтССО” АҚ ҚФ
ТҚО бастығы
Смағұлов А.Р.