Судағы жалпы органикалық көміртегінің мөлшері су сапасының құнды көрсеткіші және ондағы жүретін биохимиялық процестерді бақылау құралы және судың жалпы сапасын анықтаудың ыңғайлы әдісі болып табылады. Мысалы, кейбір елдер бұл талдауды қалдық пен ауыз судың сапасына негізгі сынақ ретінде пайдаланады.
Шығыс Қазақстан филиалының сынақ орталығы жалпы органикалық көміртекті анықтауға арналған бірегей жабдыққа ие.
ЕАЭО TР 044/2017 қолданылуы:
– Одақтың кедендік аумағында айналымға енгізілген және тұтынушыларға сатуға арналған тамақ өнімдеріне жататын оралған ауыз су, оның ішінде:
табиғи минералды су (оның ішінде асханалық табиғи минералды су, емдік асханалық табиғи минералды су және емдік табиғи минералды су);
– аралас ауыз су;
– тазартылған ауыз су;
– табиғи ауыз су;
– балалар тағамына арналған ауыз су;
– жасанды минералдандырылған ауыз су;
– оралған ауыз суды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері.
ЕАЭО TР 044/2017 сәйкес келетін өнімдерді өндіру үшін осы Техникалық регламентте көрсетілген барлық талаптарды сақтау қажет.
Ауыз судың сәйкестігін растау рәсімін өткізу үшін өндірушілерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз.
«ҰлтССО» АҚ ШҚО филиалының сынақ орталығында ЕАЭО ТР 044/2017 талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулерді толық көлемде жүргізуге болады.
Мекен-жайымыз: Өскемен қаласы., Қазақстан көшесі, 5, 220 кеңсе
«ҰлтССО» АҚ ШҚО сынақ орталығы басшысының орынбасары
Снегирев А.В.