«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Ақтөбе филиалы 2022 жылдың 15 сәуірінде Ақтөбе қ., Заречный-1, Орталық көш., 28 мекенжайы бойынща өзінің екінші техникалық байқау орталығын (ТБО) ашты.

ТБО орналасуы Ақтөбе қаласының халқы тығыз орналасқан бірнеше шағын аудандарын (Заречный-1, Заречный-2, Заречный-3, Заречный-4, Нұр-сити, Рауан, Қарғалы) және қала маңындағы ауылдарды қамтуға мүмкіндік береді.

Ашылған ТБО ҚР СТ 1811-2018 «Автомобильдік көліктер. Міндетті техникалық байқау. Бақылау әдістері» ұлттық стандартқа сәйкес тежеу ​​жүйесінің, рульдік басқарудың, жарықтандыру құрылғыларының және автокөліктің газ шығаруының тиімділігін тексеру нәтижелерін автоматты түрде жазып алуға мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық қондырғылармен жабдықталған. ТБО барлық көлік түрлерін: жүк көліктерін, жеңіл автокөліктерді, автобустарды, мотоциклдерді және оларға арналған тіркемелерді міндетті техникалық байқаудан өткізеді.

Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

8 7132 941620, 8 7132 736281, 87771580344, 87757425004.

Каржауов Берик ҰлтССО АҚ Ақтөбе фил.
ТБО меңгерушісі