“ҰлтССО” АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі Органы ҚР СТ ISO 50003-2022 “Энергетикалық менеджмент жүйесі. Энергетикалық менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар” стандартының жаңа нұсқасына сәтті өтуі туралы хабарлайды, бұл аккредиттеу жөніндегі Ұлттық органның сайтында орналастырылған “Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта ресімдеу туралы” 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1462-НҚ бұйрығымен расталады.
Осыған байланысты тұрақты және жаңа Тапсырыс берушілерді энергетикалық менеджмент жүйелерінің ҚР СТ ISO 50001-2019 талаптары сәйкестігіне сертификаттау 2023 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР СТ ISO 50003-2022 (ISO 50003:2021) талаптарын ескере отырып жүргізілетіні туралы хабардар етеміз.
Стандарттың жаңа нұсқасындағы негізгі өзгерістер: “адам-күн” тіркесі “аудит-күнге” ауыстырылды. Аудит күнін есептеу үшін энергия мөлшері жалпы тұтынудың кемінде 80% құрайтын энергияға өзгертілді. Инспекциялық аудитті жүргізу кезінде ұйым “энергия тиімділігін арттыруға қол жеткізуді” көрсетпей, “энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды” көрсетуі тиіс екендігіне баса назар аударылды.
Сертификатталған клиенттермен жасалған шарттар қайта сертификаттаудың бірінші аудиті, жоспарлы инспекциялық бақылау немесе сертификаттау саласын кеңейту кезінде жаңа талаптарға сәйкес қайта қаралатын болады.