Қарағанды қаласына «ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының қызметімен танысу мақсатында “ҰлтССО”АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор – Азамат Сапаргельдинович Смагулов іскерлік сапармен келді.
Қонақты «ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының директоры Шинтуринов Талғат Асқарұлы Анжерская көшесі, 22/2 мекенжайында орналасқан филиал ғимаратында қабылдады.
Кездесу барысында «ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының барлық бөлімшелерімен (өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау бөлімі, стандарттау секторы, метрология бөлімі) танысып, олардың жұмысына шолу жүргізілді.
Кездесудің келесі мақсаты, Қарағанды қ., Көгілдір тоғандар, 066 есептік квартал, 273 құрылыс мекенжайында орналасқан «ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының сынақ орталығы барып, оның қызметімен танысу болды.
Сынақ орталығында:
– халық тұтынатын тауарлар мен жеке қорғаныс құралдарын сынау секторы;
– өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдерді сынау секторы;
– жылутехникалық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру секторы орналасқан.

Абдрахманов Мурат Кабылдаевич
“ҰлтССО” АҚ Қарағанды филиалының
стандарттау секторының меңгерушісі
тел.: 8 (7212) 94 00 70 (ішкі. 6205)
E-mail: kar_naceks@mail.ru