Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы өнеркәсіптік қауіпсіздікті анықтайды. Бұл жеке және заңды тұлғаларды, қоршаған ортаны қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалу жай-күйі. Өнеркәсіптік қауіпсіздік техникалық регламенттерде, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінде, нұсқаулықтарда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген та-лаптарды сақтауға бағытталған. Жазатайым оқиғалар мен оқыс оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы болып та-былады.
Сондықтан қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу өте маңызды. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қауіпті өндірістер мен объ-ектілердің белгілерін анықтайды. Осы объектілердің меншік иелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға декларация тапсы-руға, қауіпті объектілерді тіркеуге және өз қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздіктің тиісті талаптары мен салалық ережелерін білуге үйретуге міндетті. Мұндай дайындықсыз жұмысшылар қауіпті өндірістерде жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар фили-алы қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істеуге қабылданған мамандарды, қауіпті өндірістік объектілердің және басқа да ұйымдардың жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту, қайта даярлау және атте-статтау бойынша қызметтер көрсетеді.
Қызмет өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына № KZ04VEC00011330 аттестатына сәйкес жүзеге асырылады. Ат-тестат 2021 жылғы 22 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай-лар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекет-тік мекемесімен берілген және келесі салаларда өнеркәсіптік қауіпсіздік мәсе-лелері бойынша оқытуды өткізу құқығын береді:
1. Тау-кен өнеркәсібі.
2. Машина жасау.
3. Металлургиялық.
4. Мұнай-химия.
5. Мұнай мен газды өңдеу.
6. Мұнай базалары мен жанармай құю станциялары.
7. Тамақ.
8. Құрылыс.
9. Көлік.
10. Химиялық.
11. Энергия.
12. Қауіпті техникалық құрылғыларды, магистральдық құбырларды және компрессорлық станцияларды пайдаланатын өндірістік объектілер мен кәсіпорындар.
Кереев Н.С., менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің оқыту және біліктілікті арттыру секторының меңгерушісі