«ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалы AVL компаниясымен «Қазақстандық Автобизнес қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған ҚР аумағында автокөлік құралдарының сынау базасын дамыту бойынша жұмыс бабындағы кездесуге қатысты.
Қазіргі уақытта ҚР аумағында сынау базалары мәселелерінің бар екендігі барлығына мәлім, өйткені КО ТР 018/2011 берілген компоненттер тізімі регламентпен қарастырылған, зертханаларда қажетті жабдықтардың болмау салдарынан сынақ өткізу мүмкін болмайтын жағдайларды қамтиды. Жиынтық көлік құралдарын сынақтан өткізуге арналған полигон жоқ.
AVL – бұл ішкі жану қозғалтқыштары бар трансмиссия жүйесін, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарын және тестілеу жүйесін әзірлеу бойынша австриялық кеңес беруші ірі жеке компания. Әлемнің 30 елінде (АҚШ, Гемания, Франция, Англия, Япония, Корея, Ресей және т.б.) техникалық орталықтары бар. Одан бөлек компания «толық аяқталған» жобаларды әзірлейді, қажеттіліктерді анықтаудан бастап, барлық сынау кешенін жобалау және салумен аяқтайды. Қазақстанға дәл осындай халықаралық компания тәжірибесі қажет.
Жұмыс бабындағы кездесуде болжалды полигонның орналасу орны, AVL компаниясынан техникалық тапсырмаларды анықтау, коммерциялық ұсыныстарды есепке алу және құрастыруға арналған болашақ сынау базасының кезең-кезеңмен дамуы талқыланды. Компания өкілдері сынау базасын дамыту саласында Қазақстанмен серіктес болуға ниеттерін білдірді және өзара әрекеттестік меморандумына қол қоюға дайын.

«ҰлтССО» АҚ ҚФ
ТҚО бастығы
Дарменов Д.Т.