Тамақ өнімінің қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін (ТӨҚМЖ) қолдану – тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету облысында ұйым жұмысының жалпы нәтижелілігін жақсартуға көмектесетін стратегиялық шешім.

ҚР СТ ISO 22000 – 2019 ТӨҚМЖ «Тамақ өнімін құру тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар» қызмет көрсету мен өнімнің нақты түрін анықтауға емес, тамақ қауіпсіздігінің ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ қатысты.

ТӨҚМЖ ең басты мақсаты – тамақ қауіптерінің өнімге түспеуін болдырмау немесе міндетті бақылауды орталап тамақ өнімінде пайда болуын шектеу.

Тамақ өнімінің қауіпсіздігі үшін маңызды, қауіпті факторларды сәйкестендіретін, бағалайтын және бақылайтын тамақ өнімін тұтынушылардың сенімді қорғаныс құралдарының бірі болып НАССР табылады.

НАССР-қа 7 қағидат кіреді:

  • қауіпті талдау;
  • сыни бақылау нүктелерін анықтау (ККТ);
  • сыни шектерін анықтау;
  • ККТ арналған мониторинг;
  • мониторинг нәтижесінде түзеті әрекетін анықтау;
  • верификация тәртібін дайындау;
  • құжатталған ақпаратты дайындау және жүргізу.

ҚР СТ ISO 22000 – 2019 стандартына НАССР-тың жоғарыда аталған түгел қағидаттары кіреді, бұл тамақ өнімінің қауіпсіздік негізі болып табылады.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Павлодар филиалы ҚР СТ ISO 22000 – 2019 стандартына сәйкестігіне оқыту және сертификаттау бойынша қызмет көрсетуді ұсынады.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Павлодар филиалының мамандары стандарттау, метрология, өнімді сертификаттау облыстарына, қызмет көрсету және менеджмент жүйесіне методикалық көмектесуге әрдайым дайын.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Павлодар филиалының менеджмент жүйесінің сәйкестікті растау бөлімінің мекенжайы: Павлодар қ., Жамбыл көш., 2. Толық кеңес керек болған жағдайда мына телефон бойынша 8 (7182) 604948, 390688 (ішкі 9025) біздің мамандарға жүгіне аласыздар немесе электрондық поштаға smknacekspvl@mail.ru; kamaeva.v@naceks.kz; karimova.r@naceks.kz жолдау қалдыра аласыздар.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
акционерлік қоғамының Павлодар филиалының
менеджмент жүйесінің сәйкестікті растау бөлімінің
жетекші маманы
Камаева В. Ю.