20 мамырда «ҰлтССО» АҚ Орталық аппараты басшылығының ұйымдастыруымен компанияның директорлар Қеңесі мүшелерінің, филиал директорларының және ҚР СИМ ТРМК, ҰАО РМК мемлекеттік органдардың шақырылған басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Отырыста негізгі (өндірістік) қызметті дамыту тақырыптары қозғалып, мемлекеттік органдар өкілдері айтқан тың бастамалар талқыланды. Кездесу Дүниежүзілік метрология күніне орай өткізілгендіктен, Қазақстандағы метрологияны дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР СИМ ТРМК «ҰлтССО» АҚ еңбек сіңірген метрологтары құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, 2021 жылғы қызмет қорытындысы бойынша «ҰлтССО» АҚ басшылығы ерекше көзге түскен филиалдарды марапаттады.