Қазан айының 14 жұлдызында Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеміз. Өздеріңіз білетіндей, стандарттау – әділ бәсекелестікті, инновацияны дамытуға, саудаға техникалық тосқауылдарды азайтуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығы мен мүлкінің қауіпсіздігін арттыруға, тұтынушылардың мүдделерін қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға және ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуге ықпал ететін мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты қолдаудың маңызды факторы. Осылайша, стандарттар өмір сапасын
жақсартуға ықпал етеді.
2022 жылдың 14 қазан күні «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалында дөңгелек стол өткізілді
Дөңгелек үстел қатысушыларына «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының директоры Е.Ж.Қамбаров дөңгелек столды ашып әріптестерді құттықтай отырып, ол қатысушыларды стандарттау, өнімді бақылау, сынау зертханаларын техникалық қайта жарақтандырудың озық тәжірибесін енгізу сияқты мәселелерге назар аударды.

Мустафаева Л.С.- өнімнің және қызметтің сәйкестігін растау бөлімінің жетекші маманы «Стандарттаудың басты мақсаты» тақырыбында сөз сөйледі

Мағауия С. – сынық зертханасының жетекші маманы« Еліміздің өркендеуіндегі стандарттаудың маңызы тақырыбында сөз сөйледі

Өнімнің және қызметтің сәйкестігін растау бөлімінің басшысы -Мырзамуратов Б.Е, метрология бөлімінің басшысы-Каугаев С.А, сынақ зертханасының басшысы Есжанова А, техникалық байқау орталығының басшысы- Агатаев М., әріптестерді кәсіби мерекелерімен құттықтап сөз сөйледі.

Іс-шара аясында Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының директоры Е.Ж.Қамбаров Дүниежүзілік стандарттау күнімен тағы құттықтап құрмет грамоталармен марапаттады.