«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалы белгіленген тәртіпке сәйкес 2-санаттағы автокөлік құралдарына техникалық байқаудан өту және оны жүргізу құқығын беретін куәлікті алды.
Филиал қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына толық сәйкес жүзеге асырады.
Филиал мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қолданыстағы «Автокөлік құралдарының техникалық бақылау және диагностикасы жөніндегі сарапшы» сертификаттарына ие. Бұл олардың кәсіби құзыреттілігін растап, техникалық диагностика нәтижелерінің объективтілігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
2-санаттағы көлік құралдарына техникалық байқау – жолаушыларды және (немесе) жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін кешенді бағалауға арналған регламенттелген рәсім болып табылады. Техникалық байқаудың негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау.
2-санаттағы көлік құралдарына мыналар жатады:
- коммерциялық мақсатта пайдаланылатын жеңіл автокөліктер (оның ішінде такси);
- шағын автобустар;
- рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері;
- мамандандырылған және қызметтік көлік құралдары.
Техникалық байқау барысында келесі жүйелер мен тораптарға бақылау жүргізіледі:
- жұмыс және тұрақ тежегіш жүйелері;
- рульдік басқару жүйесі;
- сыртқы жарық беру аспаптары мен жарықтық дабыл беру жүйелері;
- доңғалақтар, шиналар және аспа элементтері;
- қозғалтқыш және экологиялық көрсеткіштер (шығарылған газдардың уыттылығы мен түтінділігі);
- көлік құралының пассивті қауіпсіздік жүйелері.
Қазақстан Республикасында 2-санаттағы көлік құралдарына (жүк автокөліктері, автобустар, такси, арнайы техника) техникалық байқау әртүрлі мерзімділікпен жүргізіледі: автобустар, таксилер және қауіпті жүк тасымалдайтын жүк автокөліктері – әр 6 ай сайын, ал қалған жүк автокөліктері мен тіркемелер – шығарылған жылына қарамастан, әр 12 ай сайын. Техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының өзі және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі қажет. Байқау барысында тежегіш жүйе, рульдік басқару, жарық беру аспаптары, шиналар, аспа жүйесі, рама, кузов, қозғалтқыш және экологиялық параметрлер тексеріледі.
Қызылорда филиалында техникалық байқау белгіленген тәртіпте тексеруден (поверкадан) өткен сертификатталған диагностикалық жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады және көлік құралдарының қауіпсіздік талаптары мен белгіленген техникалық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

