Шілде айының басында АҚ президенті Суентаев Дамир Серкбаевич іссапармен «ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалында болды. Сапардың мақсаты – филиалдың қызметімен танысу.
Президент филиалдың барлық бөлімшелерінде болды: ТБО (Карбышев к-сі, 48), тексеру бөлімінде (Жеңіс к-сі, 126), сынақ орталығында, сараптау және сәйкестікті растау бөлімінде,. менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау және стандарттау бөлімінде (Гоголь к-сі, 79 А). Президент сынақ орталығында келесі бөлімшелердің қызметімен танысты:
– автомобиль көлігі мен ауыл шаруашылығы техникасын сынау секторы;
– өндірістік факторларды сынау секторы;
– құрылыс материалдарын сынау секторы;
– өнімді сынау секторы;
– астық және астық өнімдерінің сапасына сараптама секторы;
– электротехникалық бұйымдарды сынау секторы.
Президент филиал ұжымымен кездесіп, өзіне мүдделі сұрақтарды қойды, сондай-ақ филиалда бар материалдық-техникалық базаны: құрал-жабдықтар, өлшеуіш құралдар, көліктер, ұйымдастыру техникасы және т.б. қарады.
Мекеме басшылығының шақыруымен, Президент қаладағы көлік шығарумен айналысатын негізгі кәсіпорындардың бірі болып саналатын «СарыарқаАвтоПром» ЖШС барды. Айта кететін жай, күні кеше ЖШС конвейерінен 200 мың-шы көлік шықты. Кәсіпорынның құрастыру цехтарына экскурсия жүргізілді.
Президенттің филиалға келуі ұжым үшін «ҰлтССО» АҚ басшылығы алға қойған міндеттерді орындауға бағытталған кезекті ынталандыруға айналуы тиіс. «ҰлтССО» АҚ барлық филиалдары арасында «Белсенді позицияны ұстанғаны үшін» номинацияда 2-орынға ие болып, біз жаңа мақсаттарға жетуге ұмтылудамыз.
«ҰлтССО» АҚ Қостанай филиалының
стандарттау және ақпараттық сүйемелдеу
секторының меңгерушісі
Ерохина Т.Д.