“Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ Қызылорда филиалында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен 2024 жылы 20 мамырда Дүниежүзілік метрология күніне арналған “Біз ертеңгі күнді үнемі өлшейміз” ұранымен “дөңгелек үстел” өткізілді.
Іс-шараны “ҰлтССО” АҚ Қызылорда филиалының директоры Сағи Абдулхаевич ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Айгүл Жаксылыковна құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты іс-шара соңында “ҰлтССО” АҚ ҚФ метрологтары Шыңғыс Асылбековичке, Зауреш Аскаровнаға, Гүлшаш Тураровнаға, Ақнұр Сериковнаға, Бауыржан Сатыбалдиевичке “ҰлтССО” АҚ президентінің атынан метрология саласындағы жоғары еңбегімен жетістіктері және ҚР мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет Грамоталары табыс етілді.
Құрметті Метрологтар, сіздерге барлық игілікті тілейміз. Сіздердің барлық өлшемдеріңіз әрқашан дәл болсын!