Құрметті әріптестер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Дүниежүзілік метрология күнімен құттықтаймын!
Жұмыстарыңызға, келешегі зор жобаларыңызға одан әрі табыс, зор денсаулық, амандық пен өркендеу, оптимизм мен шабыт тілеймін!
Өлшемдер мен сынақтардың нәтижелері пайдаланылмайтын адам қызметінің бірде-бір саласы жоқ. Метрологтардың еңбегінің арқасында барлық салаларда, ғылыми зерттеулер мен инновациялық әзірлемелерде бірлік пен ұқыптылық қамтамасыз етілуде.
Биылғы жылы мереке «Тұрақты даму» ұранымен өтуде.
Бүгінгі таңда алдымызда өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету саласында жаңа міндеттер тұр. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ мамандарының жақсы жұмыс істеуінің арқасында біз бұрынғыдай тексеру мен калибрлеудің жаңа әдістерін енгізуді, аккредиттеу аясын кеңейтуді және клиенттерге жоғары деңгейдегі метрологиялық қызметтерді көрсетуді жалғастырамыз.