«ҰССО» АҚ Астана филиалының салыстырып тексеру зертханасының білікті мамандары тапсырыс берушінің аумағына шығып демонтажсыз электр энергиясын есептеуіштерді тексеруді салыстырып тексеру мүмкіндігі бар.
Пайдалану орнында электр энергиясын есептегіштерді салыстырып тексеру үшін Энергомонитор 3.3T1-C тасымалданбалы эталондық есептегіш қолданылады.
Энергомонитор 3.3T1-C эталондық есептегіші:
– дәлдік сыныбы 0,5 және дәлдігі төмен электр өлшеу құралдарын салыстырып тексеру үшін;
– пайдалану орнында белсенді және реактивті электр энергиясының бір фазалы және үш фазалы есептегіштерін салыстырып тексеру үшін, сондай-ақ есептегіштердің метрологиялық сипаттамаларын және олардың ток тізбектерін бұзбай дұрыс қосылуын бақылау үшін;
– электр энергиясын есепке алу жүйелеріндегі екінші реттік тізбектердің (жүктеме қуатының) параметрлерін өлшеу үшін;
– электр өлшеу аспаптарын, кернеуді, токты, активті және реактивті қуатты энергетикалық өлшеу түрлендіргіштерін оларды пайдалану орнында салыстырып тексеру үшін арналған.
Нұр-сұлтан қ., Әуезов 28/1 көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Астана филиалы маманының байланыс ақпараты:
Тел.: +7 (7172) 695 355 (ішкі нөмірлері: 1567, 1551, 1553),
Ұялы тел.: +7 702 144 41 02 – Ерулан Қабданов, электр шамаларын өлшеу құралдарын салыстырып тексеруші.