«ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалы 2023 жылдың 28 наурызында «Қарағанды облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті» ММ бастамасы бойынша Қарағанды облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының “Атамекен” ҰКП алаңында өткен «Өнімнің сәйкестігін бағалау бойынша күмәнді құжаттардың алдын алу, болдырмау, анықтау және зергерлік бұйымдарды айналымға шығару кезінде сараптамалық қорытындылардың болуы» тақырыбында семинарға оның ішінде бейнеконференция арқылы да қатысты.
“ҰлтССО” АҚ Қарағанды филиалы Департаменттің өнімді сату сатысында сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың болуын бақылауды күшейту бөлігіндегі шешімін қолдады. Қазақстандық кәсіпкерлердің шет мемлекеттердің аккредиттеу органдарына сәйкестікті бағалау жөніндегі сертификаттарды алуға өтініштері қырғыз және ресей сертификаттау органдарының сәйкестікті растау сертификаттарымен саудалауға әкеледі. Бұл Қазақстан аумағында бақылаусыз контрафактілі және қауіпті өнімдерді заңдастыруға және кедергісіз айналымға енуіне әкеп соғады.
Пак Елена Васильевна
«ҰлтССО» АҚ Қарағанды филиалының
тауардың шығу тегі және өнім мен қызмет
көрсетулердің сәйкестігін растау бөлімінің бастығы
тел.: 8 (7212) 94 00 70 (ішкі 6262)
E-mail: kar_naceks@mail.ru
karaganda@naceks.kz