15.09.2023 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті
төрағасының басшылығымен өңірлердің негізгі өндірушілерімен кеңес өтті.
Кеңесте «Қазақстанда Жасалған» (СДЕЛАНО В КАЗАХСТАНЕ) таңбасы бар, тауарлардың жаңа тізілімінің енгізілуі туралы таныстырылды және түсіндірілді.

Комитет Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (дайындалған) өнімдердің танымалдығы мен сұранысын арттыру мақсатында «Қазақстанда Жасалған» таңбалау белгісін қоюды ұсынды.

Таңбалау белгісін өндірушілер (дайындаушылар) тікелей тұтынушы қаптамасына (ыдысына) жазады және көрінетін жерге орналастырады.
Қаптама (ыдыс) болмаған жағдайда белгі тікелей затбелгіге, биркаға (құлақшаға), қосымша парақ беттеріне, ақпараттық парақтарға қойылады.

Габариттері бар қаптамада (ыдыста) өнімді (тауарды) шығару кезінде белгі топтық қаптамаға қойлады.

«Қазақстанда Жасалған» таңбалау белгісіне қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ оны қолдану тәртібі ҚР СТ 3836-2023, ҚР СТ 3837-2023 баяндалған.