Дүниежүзілік сапа күні бүкіл әлемде қарашаның екінші бейсенбісінде атап өтіледі. Биыл Дүниежүзілік сапа күні 2022 жылдың 10 қарашасында атап өтілді. Бұл мереке алғаш рет 1989 жылы пайда болды, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы бастады. Қазақстан Республикасы бұл күнді Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін конкурсы және «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқау-көрмесін өткізу туралы №194 Жарлығының шығуынан бастап тойлай бастады.
Дүниежүзілік сапа күнінің мақсаты жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің рөлі мен маңыздылығын арттыру, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелеріне назар аудару болып табылады.
Биылғы жылы Алматы филиалы дәстүр бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысының сапа көшбасшыларын құттықтап, мараппаттады. Бұл өнімдердің сапасын арттыруда, тауарлардың адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізген ұйымдар.
«ҰлтССО» АҚ Президентінің атынан «Сапа көшбасшысы» дипломы мен статуэткасы «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС және «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС ұйымдарына берілді:
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС – фармацевтикалық нарықта үлкен тәжірибесі мен соңғы технологиялары бар, Қазақстанның фармацевтикалық нарығының дамуына елеулі ықпал ететін жетекші фармацевтикалық компаниялардың бірі. Компания кең спектрлі дәрі-дәрмектерді шығарады және сатады. Компанияның негізгі мақсаттары Қазақстанның фармацевтикалық саласын одан әрі дамыту және ТМД елдері арасында дәрілік заттардың экспортында жетекші орын алу болып табылады.
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасында 1993 жылдан бастап, «Алматы темекі компаниясы» АҚ акцияларын сатып алғаннан бері жұмыс істейді. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің Алматы облысында орналасқан заманауи зауыты бар. Бүгінгі таңда компания Қазақстанда сату үшін де, Орталық Азияның басқа елдеріне экспорттау үшін де танымал халықаралық маркалы темекілердің кең ассортиментін шығарады.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалы өз құрметін білдіреді және стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша қызметтер кешенін көрсету бойынша өзара және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа шақырады. Біз өз жұмысымызда ең алдымен сапаны, кәсібилікті бағалаймыз, іскерлік беделімізді бағалаймыз және әрқашан серіктестеріміздің қажеттіліктерін ескереміз.
Қарақожаев Жақсылық,
«ҰлтССО» АҚ Алматы филиалы, жылутехникалық құралдарын салыстырмалы тексеру және калибровкалау бөлімінің бастығы

